Национальный центр общественного здравоохранения

COVID-19 бойынша белсенді сақтық шаралары эпидемиялық маусымда тұмаудың таралуын азайтты – сарапшы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында вирустық аурулардың алдын алу және иммунитетті күшейтудің өзекті мәселесі тағы да талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, вирустық сипаттағы респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғышы бар. Олар ауа тамшылары мен байланыс жолдары арқылы тарайды. Мысалы, ауа тамшылары 0,9 метр радиуста ауру адам түшкіргенде немесе жөтелгенде ауаға шырыш бөлшектері шашырайды да, екінші адам демалғанда ауамен жұғады. Диаметрі 10 мкм аз бөлшектердің пайда болуымен ұсақ дисперсті бүрку кезінде радиус 1,8 метрге дейін артуы мүмкін. Сондықтан тәжірибе көрсеткендей, көптеген адамдар елемейтін қашықтықты сақтау маңызды. Алайда, ережелерді қатаң ұстанатындар өздерін тағы бір вирустан сақтайды, деді ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

«Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам жедел вирустық инфекциялардың қоздырғышы бар, олар ең алдымен жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталады және тікелей ауа тамшылары мен байланыс жолдары арқылы беріледі. Алдын алу шаралары олардың берілу жолдарына қарай қабылданады. Әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу, қол гигиенасы адамдар арасында вирустық инфекциялардың таралуына жол бермейді, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану қажет. Үстіміздегі жылы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусымда COVID-19 сақтану бойынша белсенді сақтық шараларының нәтижесінде тұмаудың таралу деңгейі төмен екендігі байқалуда», – деп түйіндеді сарапшы.

Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/covid-19-bojynsha-belsendi-saqtyq-sharalary-epidemiyalyq-mausymda-tumaudyn-taraluyn-azajtty-sarapshy