Национальный центр общественного здравоохранения

Коронавирустың ауыр не жеңіл түрде өтуі штамдарға байланысты емес – маман

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте дәрігер көктемгі, жазғы, күзгі және қаңтар айының екінші жартысындағы коронавирус штамдарында қандай айырмашылық бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша үш мекеме коронавирустың қоздырғыш геномын арнайы зерттеумен айналысады. Олар: Ұлттық сараптама орталығы, Ұлттық биотехнология орталығы және Назарбаев университеті. Олар зерттеулерін халықаралық базаға салады. Британиялық штам мен бразилиялық штамның адамға жұғу қаупі жоғары болады. Қазақстандағы вирустың штамдарында үлкен мутациялар анықталмаған, сондықтан одан қорғану шаралары әзірге өзгеріссіз қалады», – дейді «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

Оның айтуынша, коронавирустың ауыр не жеңіл түрде өтуі штамдарға байланысты емес.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирус жұқтырғандардың ауру белгілері 2 айдан 2 жылға дейін сақталып қалатыны туралы жазған болатынбыз.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/koronavirustyn-auyr-ne-zhenil-turde-otui-shtamdarga-baylanysty-emes-maman_a3754421