Национальный центр общественного здравоохранения

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні

Жыл сайын, 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да халыққа гепатит түрлерінің қаупі туралы ақпарат беруді арттыруға және азаматтарды диагностика, вакцинация сияқты профилактикалық шаралар қабылдауға тартуға бағытталған Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі.
Вирусты гепатиттер – жиі таралған және қауіпті жұқпалы аурулар. Гепатит вирустарының A, B, C, D және E деген бес түрі бар. Олар ағзаға еніп, бауырды зақымдайды. Бұл жағдайда бауырдың атқаратын қызметі – барлық зат алмасу түрлері бұзылады. Бауырдың улы заттарды залалсыздандыру қабілеті жойылады, витамин алмасу процесі бұзылады.
-Жеке гигиенаны сақтамау, ластанған тамақ өнімдерін немесе лас суды пайдалану А және Е гепатиттерінің пайда болуына себеп болады.
-В гепатиті қан арқылы, организмнің басқа да биологиялық сұйықтықтары (сілекей, шәуат) арқылы да жұғады, сонымен қатар жүктілік кезінде анадан балаға беріледі.
-С гепатиті, негізінен, қан арқылы, сондай-ақ организмнің басқа да биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғады.
-D гепатиті қан арқылы, жыныстық жолмен жұғады, сондай-ақ босану кезінде беріледі.
Гепатитті жұқтырмау үшін, келесі қағидаларды сақтау қажет

А және В гепатитіне қарсы вакцинация алу қажет. Таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажет. Бұл В гепатитін жұқтырмауға сеп болады.
Микроскопиялық мөлшерде қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен бөліспеу керек. Стерилденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған жөн. Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қабылдау қажет,
А және Е гепатитінің инфекциясын қауіпсіз азық-түлікпен, зарарсызданған сумен қамтамасыз ету және жұқтырылған адамнан оқшаулану арқылы болдырмауға болады.
А, В және Е гепатитінің алдын алу – халыққа вакцинация жүргізу арқылы жүзеге асады.
В және С гепатитін – донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықпен жарақтану және инфекциялық бақылау арқылы қамтамасыз етуге болады.
Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!