Национальный центр общественного здравоохранения

Трансмайлар – қауіптілігі және зияны.

Трансмайлар – жоғары температурада қайта өңдеу процесінде қанықпаған (өсімдік) майларда пайда болатын түрлендірілген молекулалар. Трансмайлар табиғатта да аз мөлшерде кездесіп жатады, бірақ майларды индустриялық өңдеу кезінде олардың үлесі 20-50% – ға дейін көтеріледі.
Трансмайдың тіпті аздаған мөлшерін үнемі пайдалану метаболизмнің қалыпты жұмысын бұзады, семіздікті тудырады, нашар холестеринді арттырады, жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттің даму қаупін ұлғайтады. Сондай-ақ трансмайлар 2 дәрежелі диабеттің даму қаупіне де әсер етеді.
Адам ағзасына түсудің негізгі көздері: маргарин, арнайы (аспаздық, кондитерлік, наубайханалық) майлар, түрлендірілген (гидрогенизацияланған тазартылған дезодорирленген, қайтаэтерифицирленген) өсімдік майлары. Жоғарыда көрсетілген тоңмайлар мен майлар қолданылатын өнімдер: фаст-фуд, печенье және кәмпит, торт, пирог және басқа да тәтті нан-тоқаш өнімдері, барлық мұздатылған пісірмелер, балмұздақ және кофеге арналған кілегей, майонез және кетчуп, фритюрде қуырылған өнімдер және тағы басқалар.
– Құрамында трансмай жоғары болатын тамақтану рационы жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін 21% -ға және өлім-жітімді 28% -ға арттырады. ДДСҰ статистикасы бойынша, трансмайларды қолдану жылына жүрек-қан тамырлары ауруларынан 500 мың адамның қайтыс болуына алып келеді, – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларын мониторингілеу бөлімінің басшысы Насима Жүнісова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және әлемдік сарапшылар трансмайларды тұтынуды азайтуды ұсынады. Әрбір адамның күнделікті рационында трансмай 1% -дан аспауы керек.
Бұл үшін:
– Жемістерге, көкөністерге, тұтас дәнді өнімдерге бай рационды ұстану керек, майсыз ет, құс етін және балық, жаңғақ жеу қажет. Тәтті өнімдер мен сусындардың санын азайту.
– Табиғи, гидрогенизденбеген өсімдік майын пайдалану.
– Құрамында трансмай болуы мүмкін тамақты (пончик, чипсы, крекер, фаст-фудтар және т.б.) жемеу.
– Қоғамдық тамақтану орындарындағы тағамдарды, қуырылған немесе ұннан жасалған тамақтарды жиі пайдаланудан аулақ болу.
– Қаптамада жазылған өнімнің құрамын мұқият зерделеу.
Гидрогенизацияланған тазартылған майларды үнемі пайдалану балалар арасында семіздік пен жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуына, ақыл-ой қабілеттерінің төмендеуіне, физикалық даму проблемаларына, аллергия мен қабынудың дамуына әкеледі.
Жүрек-қантамыр жүйесі мен зат алмасудағы жоғарыда аталған өзгерістерден басқа әйелдерге бедеулік қаупі төнеді.
Өкінішке орай, біз тұтынатын трансмайлардың негізгі массасы – шамамен 70 % – крекер, кекс пен печенье, вафли мен кәмпит, фри және т.б. сияқты дайын өнімдерде, қоғамдық тамақтану тағамдарында сақталған.
Осы уақытқа дейін бұл көрінбейтін трансмайлар тек бір тәсілмен анықталуы мүмкін:
1) «ішінара гидрогенизацияланған өсімдік майы» және т. б. сөздерді табу үшін қаптамадағы тізімін мұқият зерделеу;
2) маргариндердің, өсімдік-сары май және өсімдік-май спредтерінің, арнайы мақсаттағы майлардың, оның ішінде аспаздық, кондитерлік, наубайханалық майлардың, сүт майын алмастырғыштардың, какао май баламаларының, SOS немесе POP үлгісіндегі какао май жақсартқыштарының/алмастырғыштарының тұтыну қаптамасында қаныққан май қышқылдары мен трансмайлардың барынша көп мөлшері, температурасы және сақтау мерзімі, майдың массалық үлесі көрсетілуі тиіс;
3) ұсынылатын сақтау мерзімдері өнімді сақтау температурасына және қолдану түріне байланысты, МемСТ-да немесе тиісті өнімге арналған техникалық шарттарда белгіленген, олар өнімді таңбалауда көрсетілуі тиіс.
Әрбір адам өзіне ұнайтын өнімді таңдауға тырысады. Бірақ денсаулық жағдайына әсер ететін барлық факторлардың шамамен 50%-ы тамақтану үлесіне тиетінін білу қажет.