Национальный центр общественного здравоохранения

Екпе салдыртпаған бала мектепке бара ала ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа кодексіне қол қойған болатын. Соның ішінде бала құқығы да қарастырылған. Бұл жайында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров өз ойымен бөлісті.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы –БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясымен және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңымен бекітілген Конституцияда кепілдендірілген балалардың денсаулығын қорғауда құқығын бұзу деп табылады.

Жаңартылған кодексте ата-аналардың вакцинация мәселесін дербес шешуге құқығын растайтын түзету енгізілді. Вакцина салу – ерікті және міндетті болып бөлінеді. Міндетті вакцинацияға жоспарлы профилактикалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалатын профилактикалық епкелер жатады. Екі жағдайда да ата-аналардың келісілген келісімі немесе вакцинациядан бас тарту құқығы мәлімделеді.

Жаңа кодекске сәйкес жоспарлы профилактикалық екпе салдыртпаған балалар мектепке дейінгі мекемеге иммунитеті қалыптасқанда ғана жіберіледі. Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең тиімді әдісі. Бүз осыны ұмытпауымыз керек. Бала кезінен алған вакциналар – өмір бойы белгілі бір инфекцияларға қарсы тұрады. Вакцинациядан өткен қоғамның әрбір адам өзін ғана емес, басқаларды да қорғайтынын түсіну керек. Ата-аналар балаларына жауап береді, бірақ тағы бір жауапкершілік бар – екпе алмаған бала басқа балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан біздің мақсатымыз – ата-аналарға профилактикалық екпе туралы жүйелі түрде білім беру.

Дереккөзі