Национальный центр общественного здравоохранения

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы серіктестікті кеңейтуде.

ҚДСҰО директорының орынбасары Сержан Айдосов және құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері 2020 жылғы 14 мамырда НУММ профессорларымен өткізілген онлайн-кездесу барысында ынтымақтастықты талқылады.
НУММ өкілдері, соның ішінде декан Массимо Пиньятелли, профессор Antonio Sarria-Santamera, сондай-ақ инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің басшысы Huseyin Atakan Varol және т.б. COVID-19 жағдайының өрбуіне болжам жасау модельдері жөнінде ой бөлісті. Эпидемияның таралуын модельдеу үшін Назарбаев Университеті әзірлеген стохастикалық симулятор әр аймақтың тұрғындар тығыздығынан денсаулық сақтау қабілетіне дейінгі нақты деректерді пайдалана отырып калибрленді. Бұл Қазақстандағы COVID-19 динамикасын болжауға көмектеседі.
Сонымен қатар, НУММ зерттеу қуаты ҚДСҰО қызметкерлері айналысатын COVID-19 бойынша ағымдағы зерттеулерге бағытталатын болады (мысалы, ДДСҰ «Solidarity» зерттеу). Тараптар клиникалық сынақ жүргізу, серологиялық тестілеу және эпидемиологиялық зерттеу жүргізу мәселелерін де талқылады.
Меморандум аясында НУММ студенттері мен қызметкерлері ҚДСҰО ресурстарына қол жеткізе алады, бұл COVID-19 және басқа тақырыптар бойынша тереңдетілген зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ҚДСҰО НУММ-ға зерттеу және басқа да жобаларға қатысу арқылы кеңейтілген тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынды.