Национальный центр общественного здравоохранения

Израиль сарапшылары коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті

10 мамырда ҚР ДСМ ҚДСҰО Оперативті штабы Израиль сарапшылары – Ихилов медициналық орталығының ішкі органдар жұқпалы ауруларын емдеу саласындағы жетекші маманы Евгений Качманмен және Ихилов медициналық орталығының вирусология саласындағы маманы Екатерина Ливицкаямен видеоконференцбайланыс ұйымдастырды.
Кездесу Денсаулық сақтау Вице-министрі Л.М. Ақтаеваның төрағалық етуімен өтті. Кездесу барысында қазақстандық дәрігерлердің қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берілді.
Израиль сарапшылары коронавирустық инфекцияны емдеу процесін ұйымдастыру, диагностикалау және түрлі ауыр дәрежедегі науқастарға, оның ішінде симптомсыз пациенттерге қарау тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ қабылданып жатқан жеңілдетілген шаралардың нәтижелері және енгізілген карантиндік шектеулерден кейін қалыпты өмірге біртіндеп қайтып келу жайында сөз болды.
COVID-19 жағдайларын тіркеуге қатысты, шетелдік әріптестер Израильде COVID -19 статистикасында коронавирусқа тексерілген тест нәтижесі теріс көрсеткен, алайда симптомдары байқалмайтын науқастардағыдай, COVID- 19 симптоматикасы болған адамдардың қайтыс болу жағдайларының есепке алынғанын атап өтті. Симптомсыз науқастарға қатысты, Израильде ешқандай диагностикалық (компьютерлік томография/рентген) және емдік шаралар жүргізілмейді. Қазіргі таңда үйде коронавирустан қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ.
Егер симптомсыз пациент инкубациялық кезеңнің соңында келіп түссе және 8/9 тәулікте симптомдары көріне бастаса, онда науқасқа қарау тактикасы симптомдары пайда болған күннен басталады, симптомдар пайда болған күннен бастап COVID-19-ға тест өткізу күндері де есептеледі. Бұдан әрі, симптоматикаға сүйене отырып, симптоматикалық ем жүргізіледі.
Вирус инактивациясы сынауықтарды тазалауға арналған аппаратты (RNK) пайдаланып, медицина персоналының қауіпсіздігін ескере отырып жүргізіледі.
Сонымен қатар әріптестер реанимация бөлімшелерінің жоғары дәрежеде жұмыс істеуінің арқасында және ауруханалардың қабылдау бөлімінде науқастарды іріктеуді тиімді ұйымдастыру нәтижесінде Израильде бүгінгі таңда коронавирустан қайтыс болу деңгейі әлемдегі ең төменгі деңгейдің бірі екенін атап өтті.