Национальный центр общественного здравоохранения

ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн конференция, коронавирустық инфекция бойынша қабылданған және қолданылған шаралар

7 сәуірде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ҚР ДСМ Вице-министрі Ақтаева Ләззат Мейрашқызының төрағалық етуімен, ҚР ДСМ ҚДСҰО Оперативті штабы кезекті онлайн конференция өткізді.
Тақырыбы: “ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдай, коронавирустық инфекция бойынша қабылданған және қолданылған шаралар”.
Лектор ретінде С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов және “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы” филиалының инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы Манар Смағұл сөз сөйледі. Сондай-ақ ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов қатысты.
Конференция барысында республика аймақтарындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай, қауіп-қатер тобындағы адамдардың (созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіз адамдар) сырқаттануға өте бейім болу сипаты, жас ерекшеліктеріне қарай инфекцияның таралуы жөніндегі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ТЖ кезінде иммундау, қауіп-қатер тобындағы адамдарды тестілеу, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану мәселелері де талқыланды.
Бұдан басқа, елімізде жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін атап өтті. Басқа елдермен салыстырғанда коронавирустық инфекцияға тестілеумен қамту ерекшелігі және ҚР зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижелілігі айтылды.
Онлайн конференцияға 180 адам – эпидемиологтарды қоса алғанда медицина қызметкерлері қатысты. Лекторларға қатысушыларды қызықтырған түрлі сұрақтар қойылды, мысалы: “Ауру жұқтырған медицина қызметкерлерінің қай санатын өте әлсіз деп есептейсіз? Алдын алу үшін медициналық ұйымның басшысы неге көңіл аудару керек? Науқастармен тікелей байланыста болмайтын, бірақ науқастар жатқан стационарда жүретін қызметкерлер, анализі теріс нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күнге оқшаулауға жатады ма?” және т. б.
Осылайша, коронавирустық инфекция кезінде диагностикалау, емдеу тәжірибесі, қарқынды терапия туралы бірқатар өзекті сұрақтарға жауаптар алынды.