Национальный центр общественного здравоохранения

ҚДСҰО – да ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры доктор Ханс Клюгамен кездесу өтті

Бүгін, 13 ақпанда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында (ҚДСҰО) ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры доктор Ханс Клюгемен кездесу өтті, оған ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов қатысты.
Кездесу барысында Клюге мырзаға әлемдегі коронавирус жағдайын бақылау және мониторингілеу бойынша жүйені айтып, ТЖ жөніндегі оперативті штабтың жұмысын көрсетті. ҚДСҰО директорының м.а. Д. А. Көбжасаров бүгінгі күні call-орталыққа келіп түскен қоңырау санын айтты – Қазақстан бойынша 1625 қоңырау келіп түскен, олардың ішінде ҚР-дағы ауру симптоматикасы, емдеу әдістері және ауру жұқтыру жағдайлары бойынша мәселелер басымдық танытып отырғандығын айтты. Кездесу соңында ДДСҰ өкілі ҚДСҰО ТЖ жөніндегі оперативті штабының алдағы атқарылатын жұмысына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.