Национальный центр общественного здравоохранения

Химиялық заттаржәне қауіпсіздік, соңғы жұмыс кезеңінде не туралы айтылды?

Химиялық заттаржәне қауіпсіздік, соңғы жұмыс кезеңінде не туралы айтылды?
Бүгін ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (СЭСжМҒПО) базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азияның жекелеген елдерінде химиялық заттарды тиімді реттеудің ұлттық жүйелерінің негізгі элементтерін құру» жобасы шеңберінде өткізілген «Химиялық заттарды тиімді басқару: жіктеу және таңбалау, денсаулыққа және қоршаған ортаға тигізетін қауіп-қатерді бағалау» атты 3 күндік оқыту семинары жұмысын аяқтады.
Қорытынды кезеңде семинарға қатысушылар канцерогендік қауіп-қатердің, мысалы бензол эмиссиясыныңадам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер етуін бағалау мәселелерін қарады, сондай-ақ семинарға қатысушылар химиялық заттарды басқару саласында шешім қабылдау үшін ДДСҰ құралдарымен танысты.
Семинар жұмысы барысында оның қатысушылары химиялық қауіпсіздік саласындағы жетекші мамандардың, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебіндегі ғалымдардың бірегей дәрістерін тыңдады, практикалық міндеттерді шешуге белсенді қатысты.
СЭСжМҒПО-да кездесу ұйымдастырушылар семинар аясында алған химиялық заттар мен оларды басқару туралы білім химиялық реттеу саласындағы мамандарға химиялық заттардың жіктелуі мен таңбалануын, қауіп-қатерді бағалауды жүргізуге және өндірістегі химиялық заттардың қаупін азайту стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімді.