Национальный центр общественного здравоохранения

2019 жылдың 22 қараша күні сағат 15-00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» сауда орталығында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған акция өтеді.

2019 жылдың 22 қараша күні сағат 15-00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» сауда орталығында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған акция өтеді.
Іс-шараға қазақстандық шоу-бизнестің танымал тұлғалары, сонымен бірге ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы арнайы өкілі Бақтияр Артаев және денсаулық сақтау елшісі, танымал КВНщик Данияр Джумадилов қатысады.
Акцияға қатысушылар ЖИТС-тің алдын-алу және бақылау орталығының мамандарынан кеңестер алумен қатар, инфекциялық емес әдіспен АИВ-ке жедел тестілеуден өтуге мүмкіндіктері бар.
Шара аясында елорда тұрғындары эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалап, сондай-ақ викториналар, сыйлықтары бар ойындарға қатыса алады.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері ЖИТС туралы ең үздік материал бойынша марапатталады.
Анықтама үшін: 1997 жылдан бері Нұр Сұлтанда 1653 АИТВ-инфекциясы, оның ішінде осы жылдың 9 айында – 155 жағдай тіркелген.
Акцияны ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық Орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС Орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы.