Национальный центр общественного здравоохранения

«Тбилисиде Грузия, Беларусь және Қазақстандағы химиялық заттарды тіркеудің онлайн жүйесін әзірлеу мәселелері талқыланды»

Су ресурстарына, топырақ пен атмосфералық ауаның жағдайына, азық-түлік қауіпсіздігіне теріс әсер ететін химиялық заттарды ұтымсыз пайдалану, өндіру және жою нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы халық арасында сырқаттануды тудырады. Қоршаған орта мен тағамның химиялық ластануынан болатын жұқпалы емес аурулардың өсімі халықтың әл-ауқатына, сапасы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді.
Қазақстанда химиялық заттарды тиімді реттеудің толыққанды жүйесін құру саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Бұдан бөлек, Қазақстан көптеген көпжақты халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде химиялық заттарды халықаралық басқарудағы стратегиялық тәсілді қолдайды. Осы келісімдердің барлығы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға химиялық заттарды өндіру мен пайдалану қауіпін азайтуға бағытталған.
Елде жүзеге асырылатын «Шығыс Еуропаның, Кавказдың және Орталық Азияның жекеленген елдерінде химиялық заттарды тиімді басқарудың ұлттық жүйелерінің негізгі элементтерін құру» ДДҰ жобасы мемлекеттік органдардың химиялық заттарды тиімді реттеудегі әлеуетін арттыруға және халықтың қауіпті химиялық заттар мен олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы хабардарлығын жоғарылатуға бағытталған.
2019 жылғы 28-нен 31 қазаны аралығында Қазақстан өкілдері осы Жобаға қатысушы-елдер: Грузия, Беларусь Республикасы және Қазақстан IT-мамандарының кеңесіне қатысты.
Кеңес Тбилисидегі Грузияның ауруларды алдын алу жөніндегі ұлттық орталығы базасында Германия қоршаған орта, табиғатты қорғау, құрылыс және ядролық реакторларының қауіпсіздігі бойынша Федералды министрлігінің өкілі Dr. Johann F. Moitmann, ДДҰ Еуропалық бюросының техникалық әзірлеушісі, жоба үйлестірушісі И.А. Застенскаяның қатысуымен өтті.
Қазақстан Республикасынан Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығының, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері және IT-сарапшы қатысты.
Кеңестің бірінші күні Италияның Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институтының өкілі Гвидо Белломо Еуропалық Одақ елдерінің, оның ішінде Италияның химиялық заттарды тіркеудің қолданыстағы жүйесімен олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете отырып таныстырды.
Кеңесте Жобаға қатысушы үш елде химиялық заттарды тіркеудің онлайн-жүйесін әзірлеу мәселелері талқыланды. Грузия тарабы Биоцидтер тізілімінің әзірленген жобасын көрсетті. Қазақстандық тарап – әзірленген Тізілімді басқа ақпараттық жүйелермен біріктіруге мүмкіндік. Беларусь тарабы – әзірленген Тізілімнің құрылымын біріктіруге мүмкіндік болып табылады.
Содан кейін, Еуропалық Одақтың озық тәжірибелерімен бірге химиялық заттар тізіліміне енгізілуі керек негізгі мәселелер анықталды.