Национальный центр общественного здравоохранения

2019 жылғы 21 қазан, сағат 15.00-де Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі ауруымен күресу күніне орай ҚҰҚПУ-нің ПОҚ мен студенттеріне арналған онколог-маммолог мамандарының кеңесі мен көшпелі қаралу іс-шарасы өтеді

2019 жылғы 21 қазан, сағат 15.00-де Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі ауруымен күресу күніне орай Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арналған онколог-маммолог мамандарының кеңесі мен көшпелі қаралу іс-шарасы өтеді. Іс-шараға белгілі қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқадилованың қатысуы жоспарлануда.

Ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен.

Дүние жүзінде сүт безі қатерлі ісігі ауруының жасаруы байқалады.Бұл стресс, дұрыс тамақтанбау, есірткіні қолдану, қоршаған орта және басқа факторлармен байланысты.

Скринингтік тексеруден кез-келген емханада тегін өтуге болатындығын айта кету керек.Қазақстанда маммографиядан өту жасы 40-тан 70 жасқа дейін ұлғайтылды.