Национальный центр общественного здравоохранения

Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнінде ҚДСҰО және астананың Психикалық сауықтыру медициналық орталығы суицидтің алдын алу бойынша семинар өткізді

Жыл сайын 10 қазанда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Осы жылғы күн тақырыбы: өзіне-өзі қол жұмсауды тоқтату. Әрбір өзіне-өзі қол жұмсау жағдайы – отбасыға, сондай-ақ жақынын жоғалтқан әр адамға ұзақ мерзім қайғы-қасірет әкелетін ауыр қаза.Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнінің бірінші кезектегі мақсаты – психикалық бұзушылықтардың таралуын төмендету. Психикалық денсаулық денсаулықтың маңызды компоненті және ажырамас бөлігі бола тұра, қоғамдық денсаулық сақтау саласының басымдықтары қатарына жатқызылады. Бұл өз қабілеттерін іске асыратын, қарапайым өмірлік күйзелістерге тойтарыс бере алатын, қоғамды дамытуға ат салысып, жемісті еңбек ете алатын адамның қалыпты сау жай-күйі болып табылады. Оның астарында, психикалық денсаулық адам саулығының және қоғамның тиімді қызмет етуінің негізі болып саналады.
Жыныстық жетілу және психиологиялық есею кезеңінен өтіп жатқан жастар үшін мұндай кезеңде психикалық денсаулығына және қоғамдағы мінез-құлқына айтарлықтай ықпал ете алатын үлкен өзгерістер орын алады. Барлық психикалық бұзушылықтардың жартысы 14 жасқа қарай басталатынын атап өту керек, алайда олар көп жағдайда өмір бойы психикалық денсаулыққа әсер қалдыратындай байқалмай өтеді.
Бүгін, Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнінің аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының Психикалық сауықтыру медициналық орталығымен бірлесе отырып, суицидтің алдын алу бойынша семинар ұйымдастырды.
Астанадағы Психикалық сауықтыру медициналық орталығының суицидолог маманы Михаил Смецкой қалалық №35 және 1 мектеп-лицейлерінің 8-11 сынып оқушыларының алдында дәрісін оқыды. Михаил Смецкой атап өйткендей, дұрыс және сауатты жасалған тәсілмен әрбір адам өмірін құтқарып қалуға болады. «Есіңізде сақтаңыз – баланың әрбір суицидтік мінез-құлқысына ересектер жауап береді, әрбір суицид тұспалдарына мұқият зейін салып, өзара жылы қарым-қатынас орнату қажет және оған үміт беріп, барлық мәселелердің шешімі бар екендігіне нандыру керек», – деді лектор.
Нұр-Сұлтан қаласы №4 Қалалық емханасының психолог маманы Мария Гоцуцура және №35 лицейдің психолог-педагог маманы Сәуле Ізбасарова балалармен сұхбаттасу кезінде олардың барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, осы күні еліміздің барлық Жастар денсаулық орталықтарында жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту маңыздылығы жөніндегі ақпараттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Бүгінгі таңда республикада жастар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-психоәлеуметтік қызметтер көрсететін 117 Жастар денсаулық орталығы қызмет етеді. Алғашқы Жастар денсаулық орталықтарының қызметі Еркінділік, Қолжетімділік, Мейірімділік және Сенімділік қағидаттарына негізделген.