Национальный центр общественного здравоохранения

2019 жылғы 5 қазанда Нұр – Сұлтанда «Бала және денсаулық» әлеуметтік жобасының шеңберінде жастар үшін «16 жасқа дейін және одан жоғары. Маңыздысы туралы әңгіме» тақырыбында талқылаулар жүргізіледі.

Ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, «Шығармашылық бастамадағы әйелдер лигасы» ҚБ, Uyatemes.kz жобасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Y-PEER Kazakhstan қозғалысы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.
«16 жасқа дейін және одан жоғары. Маңыздысы туралы әңгіме» тақырыбындағы талқылау әдеттегі форматта өтпейді, оның мақсаты – аудиторияға қызықты спикерлерді тыңдап қана қоймай, олармен маңызды тақырыптарды талқылау мүмкіндігін беру, сондай-ақ шынайы уақыт режимінде ойластырылмаған немесе эгоистік шешімдердің жас адамдардың өміріне қалай ықпал ететінін көрсету.
Қазақстанда жыл сайын мыңдаған жасөспірімдік жүктілік, көшеде тастанды нәрестелер, балалар мен әйелдерге бағытталған сексуалды және физикалық зорлық-зомбылық жағдайлары тіркеліп жатады. Мұндай жағдайда жас қыздар мен жігіттер өзің физикалық және эмоционалдық тұрғыдан қорғау керек. Оларға қауіпсіз сексуалды мінез-құлық машықтарын үйрету, ақпараттық шешімдер қабылдап, біреуге «жоқ» деп айта алмайтындай өзің құртатын таптаурындарды еңсеру үшін жыныстық және гендерлік білім беру керек.
Іс-шараға Қарлығаш Қабатова – Uyatemes.kz жобасының авторы, Камила Тұяқбаева – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қоғамдық денсаулықты нығайту орталығы басшысының орынбасары, сексуалды және репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша Y-PEER желісінің халықаралық тренері, Балнұр Сүгірәлиева – «ZhastyqTalk» қоғамдық қорының басшысы және басқа да қоғам өкілдері қатысады.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа даңғылы 8/1, «Park Inn» отелі.
Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 5 қазан, сағат 9:30-да.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 4 қазан сағат 9:00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электрондық мекенжайына жіберу керек, тел.: 954151, ұялы тел. 87017020346, 87781376357.