Национальный центр общественного здравоохранения

Нан-тоқаш өнімдерінде тұз мөлшерін азайтуда

2019 жылғы 24 шілдеде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның негізгі бағыты нанның/нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасындағы тұз мөлшерін 1 грамға азайту болып табылады.
Іс-шараның мақсаты – жастардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстанда тұз мөлшерін азайту бойынша іс-шаралар кешені жұқпалы емес аурулардың алдын алудың тиімді шарасына айналмақ. Тұз мөлшерін азайту қан қысымын және жұқпалы емес аурулармен байланысты қауіптерді төмендетеді. ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, азық-түліктердегі тұз мөлшерін азайтуды көп тұтынылатын өнім ретінде наннан бастаған тиімді.
Іс-шара барысында журналистерде құрамында тұз мөлшері аз нан пісірілетін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Нан және нан-тоқаш өндіретін цехын көру мүмкіндігі бар.

Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 25 қыркүйек, сағат 12:00.
Өткізу орны: Нұр – Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 62

БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 24 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жүргізіледі. Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет, жұмыс тел.: 954151, ұялы тел: 87017020346, 87781376357.