Национальный центр общественного здравоохранения

2019 жылғы 9 сәуірден бастап 12 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Химиялық заттарды тиімді реттеу ұлттық жүйелерінің негізгі элементтері» тақырыбында халықаралық семинар өткізіледі

2019 жылғы 9 сәуірден бастап 12 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік мекемелер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және зертханалық қызметтер, ҮЕҰ жұмыскерлері үшін «Химиялық заттарды тиімді реттеу ұлттық жүйелерінің негізгі элементтері: үкімет өкілдерінің шешім қабылдау үшін химиялық заттарды тиімді реттеуге Халықаралық өлшемдер құралдарын қолдануға дайындығы (ХӨҚҚД)» тақырыбында халықаралық оқыту семинары өткізіледі.
Семинар жұмысына 12-ден аса елдің өкілдері қатысады.
Оқытуды химиялық заттарды тіркеудің ұлттық жүйесін қалыптастыру, химиялық заттарды жіктеу және таңбалау жүйесін пайдалану арқылы химиялық заттар мен қоспалардың адам денсаулығына қауіптілігін бағалау жөніндегі халықаралық сарапшылар (Ұлыбритания, Финляндия, Словения және т.б.) өткізеді.
Семинардың мақсаты: химиялық заттарды тиімді реттеу саласындағы ұлттық әлеуетті нығайту, Химиялық заттарды халықаралық реттеудің стратегиялық өлшемдерін (ХЗХРСӨ) іске асыру, денсаулық сақтау секторының химиялық заттарды тиімді басқаруға (2017ж.) және Қоршаған орта мен денсаулық жөніндегі Острава декларациясына (2017ж.) қатысуын кеңейту мақсатында химиялық заттар бойынша ДДСҰ Жол картасын жоспарлауға және жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Семинарға қатысушы елдер химиялық заттарды қауіпсіз басқарумен байланысты ұлттық және халықаралық мақсаттарға қол жеткізу үшін ДДСҰ техникалық және әдістемелік қолдау ала алады.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазжол» қонақүйі, «Еуразия Шығыс – Орталық» залы.
Өткізу күні және уақыты: 9 сәуір, сағат 12.30-да.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 8 сәуір, сағат 12.00-ден бастап 18.30-ға дейін жүргізіледі.
Қатысу жөніндегі ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электрондық мекенжайына жолдау керек, тел.: 954151, ұялы тел. 87017020346, 87715005500.