Национальный центр общественного здравоохранения

2019 жылғы 21 ақпанда сағ. 15.00-де ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-мен бірлесіп, “Қазақстан Республикасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру” атты дөңгелек үстел ұйымдастырады

2019 жылғы 21 ақпанда сағ. 15.00-де ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-мен бірлесіп, тамақ өнеркәсібі қауымдастықтарының, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен “Қазақстан Республикасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру” атты дөңгелек үстел ұйымдастырады.
Іс-шараға ДДСҰ Еуропалық офисінің инфекциялық емес аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі басшысы, ДДСҰ Еуропалық офисінің тамақтану, дене белсенділігі және семіздік жөніндегі бағдарламасының менеджері Джоао Бреда қатысады.
Дөңгелек үстел отырысында тамақ өнімдеріне және ауыз суға, тиімді және дұрыс тамақтанбауға байланысты аурулардың таралу деңгейін төмендету; тамақтану, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында және қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу; тамақ өнімдерінің рецептурасын өзгерту есебінен тұзды пайдалануды азайту және тамақ өнімдері мен тағамдардағы тұздың нысаналы деңгейін белгілеуді қысқарту; тұтыну қаптамасындағы таңбалауға тамақ өнімдерінің ерекше белгілерін енгізу және т.б. мәселелер талқыланады.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Балқантау көшесі, 213, “Казжол Астана” қонақ үйі, (“Евразия запад” конференц-залы, 2 -қабат).
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 20 ақпанда сағат 12.00-ден 18.30-ға дейін және 21 ақпанда сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты мына эл.поштаға жіберу керек: press.ncoz.mz@gmail.com, тел.: 954151, ұялы тел. 87017020346, 87715005500.