Национальный центр общественного здравоохранения

Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталығы аясында 2018 жылғы 12 қарашада сағ.10.00-де «Kазжол Астана» қонақ үйінде дөңгелек үстел өтеді.

Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталығы аясында 2018 жылғы 12 қарашада сағ.10.00-де Астана қаласы Балкантау көшесі, 213 үйде орналасқан «Kазжол Астана» қонақ үйінде («Еуразия» конференц-залы, 2 қабат) ДДСҰ-ның өкілі Олег Честновтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтеді.
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.
Іс-шараны өткізудің мақсаты: антибиотиктерге тұрақтылық жаһандық проблемасы туралы және жұртшылық, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен саясатты қалыптастыратын тұлғалар арасында танымал етуде хабардарлықты арттыру, оны ары қарай таратуды төмендету және алдын-алу бойынша озық тәсілдерді талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, ДДСҰ-ның, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, медицина ұйымдарының, ҚР ДСМ-не бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іс-шара барысында Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты тежеу, антибиотиктердің қатері мен пайдасы туралы және т.б. мәселелер талқыланады.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді аккредиттеу 12 қарашада 11.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электронды почтасына, 954151 жұм. телефонына, 87017020346, 87715005500 ұялы телефондарына жіберуге болады.