Национальный центр общественного здравоохранения

«Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» тұрақты жұмыс істейтін конкурстың жұмыс тобы құрамына енгізуге өтінім қабылдау туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) “Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)” атты тұрақты жұмыс істейтін конкурстың жұмыс тобы құрамына енгізуге өтінім қабылдау туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс стратегиялық басшылық, адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, өткізілетін процестерге олардың қатысуы арқылы қалаларда (өңірлерде) тұратын халықтың денсаулығына, жергілікті қоғамдастықтардың өркендеуіне жәрдемдесетін қалалық (өңірлік) орындарды құра отырып, сондай-ақ адамдарға инвестициялай отырып ықпал етеді. Байқау “денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер”, “Салауатты университеттер”, “салауатты жұмыс орындары” кіші жобаларын қамтиды.
Жұмыс тобының құрамына енгізуге өтінімді қарау үшін қажетті талаптар:
• жоғары білім;
• өз қызмет саласында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
• білім бойынша магистр/доктор (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше);
• Қоғамдық денсаулық сақтау/денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы ұлттық және / немесе халықаралық жобаларды іске асыру кезінде үйлестіру және кеңес беру тәжірибесі (мүмкіндігінше);
• Қоғамдық денсаулық сақтау саласында немесе басқа салаларда стратегиялық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәжірибесі (мүмкіндігінше);
• ұлттық/халықаралық (өз мамандығы бойынша) және ғылыми қауымдастықтарға (медициналық немесе қызмет бейіні бойынша, мүмкіндігінше) мүшелігі.
Сіз өз кандидатураңызды healthycities.kz@gmail.com электрондық мекен-жайға жібере аласыз.
Сіздің өтініміңіз қанағаттанарлық болған жағдайда, біз Сізбен хабарласамыз.
Белсенді азаматтық ұстаным үшін ризашылық білдіреміз.