Национальный центр общественного здравоохранения

Салауатты болуды үйрен

Адамдар неге темекі тарта бастайды, спиртті ішімдік ішеді және есірткі қолданады? Кейбіреулер өмірінде болған қиыншылықтарға шыдамай, достарына ұқсауға немесе көңіл-күйін көтеруге, өз достар арасында «ақ қарға» болмау үшін қолданылады.

Кейбіреулер жас кезінде, еркек сияқты өзін көрсету үшін қорқыныштан қашып, энергия жинау үшін, не сенімді, әрі мықты болу үшін есірткі қолданады.

Есіңде болсын! Бар жамандық пен қиыншылық өмірде тез өтеді де кетеді. Бойыңды билеген мәселелермен ата-анаңмен, жасы үлкен аға-тәтелермен, достарыңмен, психолог-дәрігермен бөлісуге қорықпа, олар көмектеседі, жақсы ақыл береді. Есірткі заттар, темекі, алкоголь – ол сенің қиын жағдайлардағы өтірік достар және  жаман көмекшілер.

Кім есірткі, темекі немесе спирттік ішімдік  қолданып жүрсе, олардың басында бір ғана мәселе қалыптасады, ол тек қалай ақша тауып, өзіне керекті есірткі, темекі немесе спирттік ішімдік  сатып алу. Сондықтан, ақша табылмаған соң, көбісі ұрлайды немесе есірткі сатады. Есірткі мен қылмыс қатар жүреді. Ең алғаш рет  қалтадан ақша ұрлаудан бастап, сосын дүкендерді тонау,  келе-келе  үлкен қылмыс жасауға итермелейді.

 Көптеген сен естіген нмесе білетін біздің елдегі және шет елдердегі атақта спортсмендер, актерлер, музыканттар, өнер жұлдыздар және  рок-н-роллдың кумирлері есірткінің құрбаны болған. Олардың кейбіреулері өнерлерін бастаған кездегі жас уақытында ақ өмірмен қоштасты,  бізді ешқашан өз өлеңдерімен, спорттық жеңістерімен, рөлдермен қуанта алмады. Себебі, оларды анаша өлтірді. Кейбіреулер анашаға  құмарлықтан өздерін-өздері өлтірді. Кейбіреулеріне есірткіні сақтағаны, қолданғаны және сатқаны үшін айыпталып, бастарына қылмыс жазылып, олардың спорттық өмірінде және оқуына кедергі болды. Кейбіреулер допинг қолданғаны үшін ұятқа қалып спорттық жарыстардан алшақтатылды.

 Мыңдаған адамдар есірткі қолданғаны үшін өз өмірлерін өздері құрбан етті.  Соның негізінде атақты жүлдыздардың аттары газет-журналдардың беттеріне басылады.  Олар жұмыстан босатылады, үйінен айырылады, емтихан тапсыра алмайды немесе оқуын тастайды, сөйтіп өзіне де және өзінің жақындарына да ауыр жағдайға душар етеді. Саған сондай өмір қажет емес!

Егер адам темекі тартып, есірткі қолданса және көп арақ ішсе одан тоқтау өте қиын. Ең оңайы оны ешқашанда бастамау.

Егер де маған темекі тарт, есірткі қолдан немесе арақ  ұсынса, ал мен олардың біреуін де  қаламасам, не істеуім керек?

Егер саған олар ұнамаса, қорықпай, ашықтан-ашық оны өзінің қаламайтындығыңды айт. Мүмкін, біреулер сені түсінбейді, бірақ сен өз-өзіңе деген құрметті жоғалтпайсың. Ал, олар сені қорқытып, саған үстемдік көрсетіп, компаниямызға қоспаймыз деп, саған билік жүргізгісі келеді. Ондай адамдарға еруге болмайды. Темекі тартпағаның, есірткі қолданбағаның үшін басыңды көтеріп, кеудеңді жоғары ұстағаның жөн. Оның орнына кітап оқып, спортпен шұғылданғаның жақсы. Есіңде болсын, өзіңе ұнамайтын адамдармен сөйлесуіге сен міндетті емессің.

Егерде, компаниядағы балалар  саған темекі берсе, спиртті ішімдік не дәрі берсе, қорықпа, өзіңе деген нақты сенімнен шықпай  «ЖОҚ» – деп айт.  Олардың  достығын жоғалтып алам  деп қорықпа, өйткені шын дос СЕНІ сыйлайды және СЕНІҢ шешіміңді қолдайды. Темекі тартпайтын, спирттік ішімдікті ішпейтін, есірткі қолдануға ниеттері жоқ жаңа жолдастарды табуға тырыс.

Сен мынаны түсін, сен бұл өмірге дүниеге келгенде, сені нашақорлық, темекі немесе арақ өлтірсін деп туылған жоқсың.

Саған наша қолдан, арақ іш немесе темекі тарт дейтіндер сенің өлімің үшін ақша табуға ниеттенгендер деп түсін.

Нашаға  тәуелділік дегеніміз не?

Нашақорлық – бұл, нашаға тәуелді болып, оны қайта-қайта қолдану дегеніміз. Ол кішкентай мөлшерден үлкен мөлшерге дейін ұлғайтып, кейін өлімге әкеледі. Егер қолданбасаң – денең тітіркеніп, қозып, әлсіз болып, өз қимылыңды дұрыстай алмайсың. Махаббат, қорқыныш, рахымдылық деген сезімдерді есірткі басып оны сөндіреді. Ол ойсыз көздер, өтірік айту, ұрланған заттар, ашу-ыза, түнгі телефонның шылдыры, таныс емес  күмән келтіретін адамдар. Оны ананың мұңлы жасқа толы көздері де сені тоқтата алмайды.

Есірткінің түрлерін және атауларын тізіп жазу қажет емес. Адамның кәрі, жасы, байы не кедей болмасын есірткінің жеңіл не ауыр түрлері, олардың қолдану тәсілдері болмасын (демалу, көктамырға салу, тарту) соңы – өз-өзін жоғалту, бостандықсыз өмір сүру.

Әлсіз есіркілер еш қауіпті емес деген ой дұрыс емес. Мен көптеген нашақорлармен сөйлестім. Басында олар жеңіл немесе әлсіз есірткіні тартып, кейін маған еш жамандық болмайды деп ойлаған. Ал, егер бір нәрсе жаман бола қалса, ұнамсыздығын сезіп қалсам, онда тастай аламын деп санаған. Бақытсыздыққа орай, тоқтау қиын, қанша соны тілесе де, оның өмірін есірткі басқарады. Наша қолдан деп сені шақырып тұрғандай, сені қармағына түсіріп алғанын сезбей қаласың: есірткі – кайф -сыну – ақша – есірткі….

Солай полицияға ұсталып түрмеге түспейінше, аурумен ауруханаға не көп мөлшерде қолданып өлмейінше күннен-күнге созыла береді, созыла береді, егерде өзіңді-өзің тоқтатпасаң.

Тіпті кішкентай мөлшердің өзінде,  бір рет ған қолданғаны денсаулығына зиянды әсер етіп,  психиканы улап,  өзге өзерістер пайда болып, әр түрлі инфекцияларды  (ЖПБИЖС, АИЖВ, В гепатиті) жұқтырады.

Никотин мен спиртті ішімдік, есірткі болып есептеледі. Бақытсыздыққа орай, бұр нәрселерді адамдар ашық және көп мөлшерде қолданады, бұл заңсыз есірткі қолданумен бірге есептелінеді. Пассивті темекі тартатын балар да көп жапа шегеді. Спирттік ішімдік қолданудың бір өзі өте көп қиындықтар әкеледі. Сондықтан арақты ішу алдында  кейін не болатынын ойлан…

Нашаны (есірткіні) қолданар алдында, оны қолданған соң одан тоқтар жол жоқ екендігін ойла…., сондықтан оның ертеңгі күні саған соққы болар салдарын ойла…!…!