Национальный центр общественного здравоохранения

Секс және сексуалды қатынастар 

Секс және сексуалды қатынастар 

Ерте ме, кеш пе сізге секс және сексуалды қатынастар туралы ойлайтын уақыт келеді. Сізде ер және әйел адамдар арасындағы қатынастар туралы жаңа ой, сезім қалыптасады.

Осындай сезімдер мен ойлардан кейін қарама – қарсы жыныстағы адамды аймалағыңыз келетіндей ынта пайда болады және оның да сізге деген ынтасын байқайсыз. Бұл – қалыпты физиологиялық үрдіс, оны ересек болу деп атайды. Сіз өзіңіз үшін сексуалды қатынастар әлемін ашасыз. Көпшілігіңізге бұл жаңа құбылыс, ал кейбіреулері оны басынан өткізіп көрген. Осындай кезде сіз өзіңізбен және айналадағы адамдармен болып жатқан құбылыстарды қатты білгіңіз келеді. Бұл сайт сізді алаңдатып отырған сұрақтарға жауап беру үшін құрылған.

Сексуалды қатынастар – ересек адамның қалыпты өмірінің міндетті бөлігі. Оны одан зардап шегу үшін емес, қуаныш алу үшін құру керек

Сексуалды қатынастар 3 бөліктен тұрады:

  • Физикалық жақындық (құшақтау, сүйісу, аймалау, жыныстық қатынас).
  • Жан дүниелік жақындық (бір-біріне деген симпатия, жақсы көру, сенім, қолдау).
  • Ара-қатынастағы жақындық (қамқорлық, көмектесу, жалпы қызығушылықтары мен айналысатын істері, болашаққа жоспар құру).

Физикалық жақындықты кездейсоқ алғашқы орынға қойған жоқпыз. Жас азаматтар кейде мұны сексуалды қатынаста ең бастысы деп, қалғандары өз-өзімен шыға береді деп ойлайды. Бірақ кейбір адамдар арасындағы қатынаста бірінші романтика, сыпайылылық, назар бөлу, қамқорлық сияқты сезімдер орын алады. Ал оларға физикалық жақындық жеккөрінішті, ұятты тіпті қылмысты іс болып көрінеді. Шындығына келгенде, ер балалар көбінесе физикалық жақындыққа, ал қыздар жан дүниелік сезімдерге көңіл бөледі.

Біз бұлай дұрыс емес деп айта алмаймыз және «жақсы көру – бір-біріне емес, бір бағытта қарау» деген ұғымды қолдамаймыз. Ондай болатын болса, ісіміз тіпті оңай болып кететін еді. Көпшілік ересек адамдар, соның ішінде данышпан адамдардың ойынша физикалық жақындық өмірде кезедесетін әсем сезімдердің бірі екендігін айтады. Секс әдемі, қуанышты сезім болуы қажет. Бірақ, өкінішке орай секс кейбір жағдайда зорлықтың да себебі болуы мүмкін.

Физикалық жақындық – бұл әсем гүл сияқты. Жан дүниелік жақындық – осы гүл ашылатын бұтағы. Іс-әрекеттегі жақындық – осыларды қоректендіретін тамыры. Гүл бұтағынсыз өзінің әсемдігін жоғалтады, оны жапондық суретшілер жақсы түсінген.  Тамырсыз гүл өкінішке орай ұзақ өмір сүрмейді.

Жоғарыда аталған үш жақындықтың барлығы сексуалды қатынастарда кездессе, оны  гармониялық сексуалды қатынас деп атайды.

Олар өз-өздерінен, спонтанды түрде пайда болмайды. Оларды жоспарлы түрде құру керек. Ал ол үшін уақыт, ынта керек.

Дәрігерлер мен педагогтардың айтуы бойынша, жыныстық өмірді тым ерте бастамау керек. Өйткені, жас азаматтар толыққанды жыныстық қатынастарды құра алмайды. Ерте (әсіресе зорлықтан кейінгі) жыныстық қатынастар бүкіл өмір бойы сақталып қалатын жан дүниесінің жарақатына алып келеді. Ал егер де ерте басталған жыныстық қатынастың нәтижесінде жүктілік дамыса немесе жыныс жолымен берілетін белгілі бір ауруды жұқтырса, ол екі жұптың олар туралы білмегендігінен дамиды.

Есте сақтаңыздар: ерте жаста дамыған жүктілік ауыр өтеді, босану қиын болады, нәресте әлсіз немесе  туа пайда болған ақаулармен туылады! Бірінші медициналық түсіктер жиі бедеулікке, жыныс мүшелерінің басқа да көптеген ауруларына алып келеді. Ерте жыныстық қатынастардан ұлдарға қарағанда жиі қыз балалар зардап шегеді.

Жақын достарын тастап кетсе, ата –аналары түсінбеген жағдайларда секс бір құтқаратын амал секілді болып көрінеді. Есте сақтаңыздар: мұндай жағдайда секс- сабын көпіршігі секілді. Ешқашан секстің өзі ешкімге көмектеспеген. Бірінші мықты сүйеніш нүктесін тауып алыңыз.   Бақытты секс тек бақытты адамдарда ғана болады.

Сексуалды қатынастарды басынан өткізіп жүрген достарыңның әңгімесіне қарап, сіз өзіңізден басқалардың бәрі бос уақытында сексуалды қатынаспен айналысады деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ мүлдем ондай емес. Секс – бұл көбінесе фантазия. Мұндай кезде адамдардың жыныс мүшелеріне  қарағанда құлағы мен тілі көп қызмет атқаратынын айтқымыз келеді.

Егер де сіз бізге сенсеңіз: секс сізден ешқашан айналып өтпейді. Секстің сізді басқарғанын қалайсыз ба? Немесе сексті өзіңіз басқарғыңыз келе ме? Егер де сізге ол мүмкін болса,  оның сізге нағыз керек болған жағдайда сізде болатынына күмәнданбаңыз.