Национальный центр общественного здравоохранения

Жүктілік пен бала туу

Жүктілік пен бала туу

Бірінші жүктілікке ыңғайлы жас әйелдер үшін 20 мен 25 жастың арасы деп саналады. Әйел адам осы жаста ұрықтануға немесе жүктілікке дайын, жыныстық дене мүшесі өсіп жетілді, денсаулығы да жүктілікті жақсы көтеруге сай болды, сонымен қатар осы жас арасында әйел адам өз еркінде баланы тәрбиелеуге шамасы жетеді деп те саналынады.

Жүктіліктің басталған укақыты деп жұмыртқа жасушасы, сперматозойтпен ұрықтанғаннан кейін жатырдың шырышты қабатына жабысқан кезінен саналады. Жүктілік уақыты 40 аптадай болады немесе толығымен 280 күн деп есептеледі.

Ұрықтанған жұмыртқаның ортасында өсетін және өзгеретін эмбрион дамиды.

Бірінші  айдың соңына дейін эмбрион шамамен 1 мм өседі. Бұл кезде адамның кейпіне келмейді, тек бір созылған үтір сияқты болып көрінеді. Осы кезде , не бет әлпеті, не аяқ-қолдары болмағанмен жүрегі соға бастайды.

Екінші  айда эмбрин 3 см өседі, оның салмағы 11 г. болады, осы уақытта адамның дене мүшелерінің барлық құрылысының бастмасы негіз алады. Осы кезеңде эмбрион инфекцияны тез қабылдағыш болады, сондықтан оның өсіп жетілген мүшесі тез өзгеруі және бұзылуы мүмкін.

Үшінші айдың аяағына қарай ұрық 10 см өседі, оның денесінің салмағы 45 г. жетеді. Ол өзінің дамуында алға қарата үлкен қадам жасады деуге болады: 3 айдың арасында 3 есе өседі, ал көпшілік оның денелер 4 есеге үлкейеді . Ұрықта бауыр және ішек белсенді дамиды, бүйрек қалыптасады. Ол қозғалуды бастайды, бірақ анасы оны да сезбейді.

Төртінші айда құрсақтағы нәресте барлық балаға ұқсас кейіпке келе бастайды.

Терісі, назды үлпілдек жүнмен жабылған ашық-қызыл сияқты болып көрінеді: ол өте жұқа және ол арқылы қан жүретін түтікшелерді көруге болады. Жүрегі өте жылдам соғады, оның соғуы үлкен адамның жүрек соғуынан 2 есе жылдам болады. Бауыр, асқазан, өт қабы, бүйрек жұмыс жасай бастайды .

Бесінші айда анаға арналған үлкен мағыналар болады, ол құрсағындағы нәрестесінің қозғалғанын сезеді. Нәрестенің ұзындығы 25 см жетеді, салмағы 500 г. болады. Осы айда құрсақтағы нәрестенің жылдам өсуі саябырлайды. Бала туылғанға дейін оның денесінің ұзындығы екі есе, ал салмағы 6 есеге өседі.

Алтыншы ай. Құрсақтағы нәресте дамуды жалғастырады. Бет бейнесі адамға ұқсайды, қастары нақты көрінеді, мұрны анық көрінеді, құлақтарды үлкейеді, мойын ұзарады. Бала құрсақта жатып ұқтайды және оянады да.

Осы кезеңде нәресте орта есепте 20-30 қозғалыстар (қолымен, аяғымен, кеудесімен) 30 минутта жасайды. Баланың қимылындағы белсенділіктің төмендеуі біраз уақытқа созылса, оған анасы мазалануы керек. Ал, әсіресе 24-48 сағатқа баланың қозғалысы толық тоқтап қалса тез арада дәрігерге көрінуі керек.

Алтыншы айдың аяағына қарай бала қолдарын кеудесіне жинап алып “отырады”, тізелері қарынға көтеріп алады. Осы кезде оның дене ұзындығы 31 см, салмағы 1000 г. болады.

Жетінші айда баланың құрсақтағы салмағы орта есепте 1700 г, оның ұзындығы -40 см болады. Осы кезде, бала естиді, тітіркенеді, сезеді, басқа да сезідері пайда болады, атап айтқанда дәм сезу сияқты. Егер ол дүниеге келсе, онда оның тірі болып өмір сүруіне үміті бар деуге болады. Бірақ ол өте нәзік; қоршаған ортаға тез қалыптасып, үйреніп кетуі үшін оның денесінің салмағы жетіспейді және барлық мүшелерінде өсіп жетілмегендіктер тағы бар.

Сегізінші айда баланың негізгі денге мүшелері толық құрылды деуге болады. Асқазан, ішек, бүйректердің жұмыстары қалаптасады, бауырдың және өкпенің өсуі жалғаса береді. Жиіленген ырғақта жүрегі соғады, бірақта қан айналысы туылғаннан кейінгіге жағдаймен ұқсамайды, неге десеңіз қан өкпеде тотықпайды, ол кіндік арқылы келетін оттегінің көмегімен тотығады.

Туу уақыты жақындайды. Бала әдемі-лене түседі. Майлы заттар теріні жұмсар-тады және жазады, әжімдерді тегістейді, қызғылт тері бозарыңқы-қызғылт түске ауысады, үлпілдек жүннің үсті туғанан кейінгі алғашқы майлы массамен ауыстырылады.

Сегізінші айда әдетте іштегі бала ең ақырғы, туу алдындағы бейнесі болатын – баспен төмен қарай, ал арқасы сол жаққа орналасады. Демек, туу кезінде бас бірінші шығады ( баспен жақындау). Бірақта кейбір оқиғаларда, жатыр дұрыс дамымағанда немесе оның көлемі тар болғанда, баланың басы жатырдың ең терең жерінде орналасады да, жамбасы немесе аяқтарды бірінші шығуы мүмкін (жамбаспен немесе аяқпен келу дейді). Баланың кесе-көлденең келуі (көлденең келуі) өте сирек болады. Бұндай оқиғада қалыпты тууылу болмайды, сондықтан кесарева операциясын жасауға тура келеді.

Сегізінші айдың соңында баланың ұзындығы 45 см, салмағы 2400 г. болады. Егер ол қазір дүниеге келсе, онда 100-ден 95-і тірі болады деген үміт болады.

Соңғы аптада құрсақ ішіндегі өмірде баланың салмағы ар-күн сайын 20-30 г. өседі. Қозғалу саны туылуға 15-20 күн қалғанда азайады, ол қозғалатын орынның аз болғандығынан болса керек.

Бассүйекгінің қатаюы да жеткіліксіз болады. Сүйек арасында фиброздық кеңістік қалады, оны мишығы – деп атайды. Олар екеу: біреуі – ромбик тәрізді, маңдайдың жоғарғы жағында, ал екіншісі – үшбұрышты, артағы желке деңгейінде орналасқан. Бұлар бала туыт жолдарынан өткенде, бастың қозғалуына сай қимылдар жасауға және ішкі миды жаншып тастамауға көмектеседі.

Тоғызыншы ай аяағына қарай бала тууыға дайын болады, басы төменде, қолдары мен аяқтары қарынға қысып алады. Оның денесінің салмағы орта есепте 3000-3500 г. құрайды, ал ұзындық – 50 см. Болады. Ендігі уақытта ол, сыртқы өмірмен күресуге әзір болды дейміз.

Жеке бастың гигиенасы сақтаудың жүктілік уақытына үлкен мағынасы бар. Күн сайын жаңбырлатқышпен жуыну немесе немесе былау қабылдау өте пайдалы, аяғы аур әйел тынығып қалады және денесі тазаланады, әсіресе сыртқы жыныс мүшелерін таза ұстаған абзал. Осы уақытта моншаға баруға болмайды, сонымен қатар ыстық былауларды қабылдауға болмайды.

Жүкті әйелдің киетін және аяқ киімдері жүктілікке ыңғайлы болуы тиісті және денені қыспауы керек, әсіресе қарын жағын.

Осы кезде көкірекшеге жақсы көңіл бөлген жөн. Әдеттегі жүктілік уақытына әйелдің емшек безі мөлшерден тыс үлкейеді, сондықтан көкірекшені емшектің үлкейгеніне сай кию керек. Жүктіліктің екінші жартысында емшек сүт бездерінен молозиво бөліне бастайды. Сайып келгенде, организмде емшек емізуге әзірленіп жатыр дейміз. Осы кезде емшектің ұшын қорғау үшін арнайы мақта салып жүру керек болады.

Аяқ киімнің өкшесі биік болмауы және ол аяқты қыспауы керек.

Жүктіліктің соңғы айларында жатырды дұрыс ұстап тұру үшін және құрсақ қуысының тым созылып кетуінен сақтау үшін бандаж кию керек. Бандажды қалай дұрыс кию керек екендігі туралы дәрігерден кеңес алу керек.

Нәпсі қатынастары. Жүктілік дұрыс дамып жатқан уақытта дәрігер жыныстық қатынасқа рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімінің үлкендегендігіне сай қарын да үлкен болады, сондықтан жыныстық қатынасқа біраз ыңғайсыздық тудырады. Ондай кезде жыныстық қатынасқа ыңғайлы жағдай жасап, крем немесе гел қолдануға болады.

Бірақта, бірсыпыра жағдайларда (жүкті-лік үзу мүмкн деген қорқыныш, анамнезде өздігінен пайда болатын түсіктер) нәпсі (жыныстық) қатынасына шек қою қажет. Ол туралы дәрігермен кеңесу қажет .

Ауыр салмақ көтеру. жүктілік уақы-тына өте маңызды мәселелердің бірі – шаршап кетпеу, үлкен ауыр заттарды көтеру және алып жүру, дене сілкініс алатын жұмыстар істеуге болмайды.

Ұйқы. Жүктілік кезінде әйел адам жеткілікті дем алуы керек. 8-9 сағаттық ұйқы кезінде жүкті әйел барлық күшін қалпына келтіреді және жақсы тынығып алады. Тек түнде ғана ұйықтап қоймай күндіз де дем алғаны дұрыс болады.

Жүкті әйелге арналған әйелдерге кеңес беретін мекемеде бақылауда болған өте маңызды. Тек қана дәрігердің кеңесімен ғана организмнің күй-жағдайларының ерекшеліктері есепке дұрыс алынады, қандай жұмыс істеуге болады, оның уақыты мен мөлшері қаншалықты екендігін, жүктіліктің жақсы және жаман жаққа ауытқушылығын, егерде ауырып қалған болса дер уақытта қандай ем қолдануға болатындығын дұрыс айтып береді. Жүктіліктің бірінші апталарынан бастап әйелдерге кеңес беретін мекемеге бару керек те, қалған уақыттарда белгіленген уақытта ұмытпай дәрігерге тексеріліп тұру керек. Жүктіліктің бірінші жартысында өте жиі емес – бір айда бір мәрте, содан соң жетіншіні – сегізінші айларда – бір айда екі рет, соңғы айда немесе туу алдында апта сайын дәрігерге барып көрініп тұру керек. Әйелге кеңес беретін мекеменің дәрігеріне барғанда, ол жүктілік уақытында қандай тексерулер керек екендігін айтады, перзентханаға (тууға) дайындайды, және үйінен перзентханаға недей заттарды алып бару керектігін ескертеді.

Зиянды әдеттер және жүктілік

Алкоголь құрсақтағы нәрестеге өте зор зиянын тигізеді. Алкоголь плацент арқылы өтіп, нәрестенің қанайналысына түсіп, келешек баланың денесін улай бастайды, тамақтануы нашарлап, ол аштыққа душар болады, эмбрионның бауыры әлі өсіп жетілмегендіктен алкоголдың улы әсерлеріне төтеп бере алмайды, сонымен қатар басқа де дене мүшелерінде зиянды өзгерістер болады.

Маскүнемдікпен айналысқан әйелден туған бала басқа балаларға қарағанда ауытқушылық өзгерістерімен туылады: оның бойы, дененің салмағы, бас көлемі қалыптан кішірек: оның маңдайы қысқа, иегі дұрыс формада болмайды, мұрыны жапырылған. Мұндай балаларда құрсақ ішіндегі дамуда маскүнемділік тәуелділіктің белгілері пайда болады және әртүрлі ақаулар байқалады. Кейінірек физикалық және ойдың дамуында тежеуілдегендік көріне бастайды.

Есірткілер организімнің инфекцияны қабылдап алуын арттырады, әр-түрлі асқынулар әкеледі, сонымен қатар жүктіліктің қалыпты дамуына кері әсер етеді. Жаңа туылған сәбидің салмағы аз, туа біткен ақаулар көп және уақыты жетпей өлі туылған балалар саны көбейеді.

Шылым шегу. Сигареттің құрамындағы никотин құрсақтағы ңәрестеге қатерлі әсерлер береді, оны гипоксияға душар етеді. Ең алдымен баланың миы сезеді, онда ой-өрісінің ақауы пайда болады, психомоторлық дамуы бұзылады және әртүрлі балалар ауруларына қарсы тұратын қасиетін жоғалтады.

Баланы  алдырып тастаудың зияны

Жасанды түсік тастаудың зияны туралы

Түсік – бұл ана құрсағынан тыс жағдайда өмір сүре алмайтын, өсіп жетілмеген нәрестені «түсік»- ретінде тастату және жатырдағы нәресте жұмыртқасын немесе нәрестені алып тастау.

Негізінде түсікті «күшпен бұзғылау» – деп түсінуге де болады. Жүкті әйелдің құрсағында пайда болған, өмірге ұмтілған нәресте күтпеген жағдайда үзіліп қалады. Бұл жағдай белгісіз, ізсіз, еш әсерсіз жоғалып кетпейді. Түсік жасаған әйелдің етеккір кезеңі өзгереді, жатырдан қан аққыш болып, ақуыз бөлініп және ауыртатын сезім пайда болуы мүмкін. Жүйке жүйесінде өзгерістер пайда болуы мүмкін, себебі жүктілікке әйелдің дене-мүшесінің барлық құбылысы дайындалған кезде барлығын бірден тоқтатып тастаған сәтте, күтпеген жағдай жүйкеге қатты әсер береді.

Түсіктен кейін, мейлі ол медициналық мекемеде барлық жағдайларды сақтау арқылы жасалсады, одан кейінгі асқынуларды жойып жібере алмайды, сонымен қатар жатырдың қабынуымен қатар жатыр түтікшесінің өткізу қабылеті тоқтап қалуы да мүмкін.

Бұндай асқынулар әсіресе егерде бірінші жүктілігі болған әйелдерде көп байқалады. Бірінші жүктілікті алғызып тастаса, одан кейін балалы болмай қалуы мүмкін.

Түсік, жатыр және шат мүшелерінің қабынуларынан басқа да, операциядан кейін (келесі жүктіліктерде) өздігінен түсік болып қала беруінің, жатырға ұрықтың жұмыртқасының жабысуыны дұрыс болмауының, жүктілік кезінде қанағуыны, баланың уақытына жетпей түсіп қалуының, жүктілік уақытының өте ауыр жағдаймен өтуінің де себеп болуы мүмкін.

Контрацептикалық әдістер мен дәрілер туралы түсініг аз әйелдердің күтпеген жүктілікке душар болғаны үшін де жасанды түсікке баруына себеп болады.