1-2ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Халықаралық ұйымдастыру кезінде спортшыларды қолдаудың медициналық-биологиялық аспектілері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілуде.

Алғаш рет осындай жоғары халықаралық деңгейде және спорттық медицина дамыту саласындағы өзекті және практикалық маңызы бар  конференция екендігін айта кету керек. Іс-шара ұйымдастырушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі және Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017  медициналық қамтамасыз ету және допинг бақылау Департаменті  сөз сөйледі.

Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі,  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы,  студенттік  спорт FISU  халықаралық федерациясының медициналық комитетінің төрағасы Душан Hamar,  Бүкіләлемдік қысқы 28-ші қысқы Универсиада-2017  медициналық қамтамасыз ету және допинг бақылау Департаментінің басшысы Аханова Рушангүл, функционалдық диагностика және спорттық медицина саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Ресей ортопедиялық хирургия, травматология және реаблитация өкілдері қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың атынан Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры м.ғ.д., профессор Ж.Е. Баттақова сөз сөйледі.

Конференция шеңберінде, спорттық медицина саласындағы жетекші әлемдік ғалымдар мен сарапшылардың, еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен  спорт шеберлерінің шеберлік кластары («Ауқымды жарыстар өткізу кезіндегі медициналық көмек көрсету алгоритмі», «Спортшылардың функционалдық көрсеткіштеріне дәрі-дәрмектердің ықпалын барынша азайту», «Спортшыларды заманауи әдістермен реабилитациялау», «Мерзімді және реаблитациялау үшін тиімді қосымша әдістерді қолдану», «Паралимпиялық спортты медициналық-биологиялық қамтамасыз ету», «Паралимпиялық құрама командасы дәрігерінің жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері», «Паралимпиялық спортшыларды  қоректік қолдау ерекшеліктері» және басқа өткізілуде.


Мемлекеттік рәміздер

_____________________________


Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары

_____________________________

_____________________________

_____________________________